ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихы картографиялық материалдардың жіктеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.13Аннотация
Қазақ даласына сәтімен дендеп ену мақсатында Ресей империясының басымдықты міндеті картографиялық зерттеу болды. Әскери-топографиялық депо офицерлері мен Орыс географиялық қоғамының мүшелері Қазақстан аумағын топографиялық зерттеуге аса көп үлес қосты. Жаңа замандағы Қазақстан тарихын зерттеу барысында картографиялық дереккөздерді анықтау, сипаттау және алдағы уақытта пайдалану міндеті тұратыны сөзсіз. Тарихи процестің кеңістіктік аспектілерін табыспен зерттеу, сан алуан түрдегі және типтегі неше түрлі карталардың зор мөлшерінде бағдар табу, сондай-ақ жүйеге келтіру және сақтау мақсатында мақалада жіктеу мәселелері талданды және зерттеу барысында жиналған құжаттар жинақтамасынан алынған ХVIII – ХIХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша орыстың картографиялық материалдарына қысқаша шолу жүзеге асырылды. Жіктеу зерттеудің логикалық талабын қанағаттандыруы тиіс. Анықталған ескі карталарды жіктеу негізіне негізгі белгілер алынды: аумақтық, хронологиялық, тақырыптық, масштабтық, мақсаты мен мазмұны. Бұл ретте бірінші кезекте картадағы үстем белгі ескерілді және ол бойынша жіктеу орындалды, қосымша белгілер екінші дәрежелі болды және жіктеуді толықтырды. Түйін сөздер: пәнаралық зерттеу, қазақ даласы, Ресей империясы, ескі карталар, жіктеу, сипаттама.