Архив саласын ақпараттандырудың шетелдік тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.12
        93 102

Аннотация

Архив мекемелерін ақпараттандыру – Қазақстандағы архив ісін дамытудың басым бағыт- тарының бірі. Бұл үрдістің маңызды проблемалары – архив саласына ақпараттық технологияларды енгізу, ғылыми-анықтамалық аппараттарды автоматтандыру, ақпаратқа ашық қол жетімділік және электронды құжаттардың архивін құру. Ақпараттандыру саласындағы шетелдік тәжірибені зерттеу, отандық архив саласын дамытудың ең тиімді әдістері мен тәсілдерін анықтауда оң нәтиже бере алады. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген архивтері пайдаланушыларға архив құжаттарын электронды түрде ұсынады. Шетелде осы салада белгілі бір тәжірибе жинақталған. Архив саласын ақпараттандыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген жақын және алыс шетелдердің тәжірибесі, соның ішінде Беларусь Республикасы, Қытай және Корея тәжірибелері үлкен қызығушылық тудырады, ол әлемдік ауқымда ақпараттандырудың жалпы көрінісін түсінуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: ақпараттандыру, ұлттық архив қоры, автоматтандырылған ақпараттық жүйе, электронды архив, біріктірілген архивті басқару жүйесі, шетелдік тәжірибе, электронды құжа

Авторлардың биографисы

N. Alpysbaeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор м.а

Zh. Dyussembekova, Al-Farabi Kazakh National University

магистр, оқытушысы

Жүктелулер

Как цитировать

Alpysbaeva, N., & Dyussembekova, Z. (2020). Архив саласын ақпараттандырудың шетелдік тәжірибесі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 96(1), 93–101. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.12

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая