Түркістан мұғалімдер семинариясы: ашылуы, қалыптасуы, қызметі (1879-1904 жылдар)
Аннотация
Мақалада Ташкент қаласындағы Түркістан мұғалімдер семинариясының ашылуы, қалыптасу тарихы қарастырылады. Сонымен қатар, бұл оқу орнын ашу қажеттілігі Түркістан генерал-губернаторлығындағы бастауыш білім беретін оқу орындарындағы мұғалімдердің тапшылығынан туындағандығы және семинарияны ашу кезеңіндегі қиындықтар мен семинарияның өзіндік ерекшеліктері де жазылған. Семинарияға қабылданған алғашқы тәрбиеленушілердің, оқытушылардың құрамы, семинарияға оқуға түсу үшін қойылатын талаптар, 1879-1902 жылға дейінгі оқытылған пәндер және 1902 жылдан кейінгі өзгерістер, семинария шәкірттерінің шәкіртақысы, семинаристердің ұлттық және діни құрамы жайлы да баяндалған.