Құпиясы ашылмаған қорған
Аннотация
Мақалада кейінгі орта ғасырларда Солтүстік-шығыс Жетісу же- ріндегі ірі шаһарлардың бірі болған Саға-Бүйен қаласының тарихы қысқаша қарастырылып, елді мекеннің атауына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасалады. Қаратал және Лепсі өзендері аралы- ғындағы аса ірі мекен-жайлар қатарына жататын Саға-Бүйен қала- шығының әлі де болса құпиясы ашылмағандығы көрсетіледі. Қола дәуірінен бастау алған қала мәдениетіне тән маржанмен көмкерілген керамикалардың, күмістен спираль тәріздес сырға, білезік басым бө- лігі өрнексіз, банкі тәріздес және көзе тәріздес болып келетін ыдыс- тарды қойнауына алған қалашық орнындағы қорғанды жан-жақты зерттеу археология, тарих, демография ғылымдарындағы урбаниза- ция мәселесіне қосылған сүбелі үлес болатындығы қарастырылады.