1916 жылғы көтеріліс және Жамбыл Жабаев

Авторлар

  • S. Smagulov
        105 29

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс, соның ішін-  де оның ірі ошағының бірі болған Жетісудағы қазақ халқының ұлт- азаттық қозғалысы, олардың ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың жырла- ры мен өлеңдерінде орын алып, тарихи тұрғыдан шынайы көрсетілуі кеңінен қарастырылады. 1916 жылғы көтерілістің ішкі-сыртқы сипа- тын, қазақ ауылында болған тартыстардың көріністерін, күрестердің шиеленіскен кезеңдерін Жамбыл жырларынан айқын көруге болады. Ақын өз шығармаларында 1916 жыл қарсаңындағы қазақ халқының ауыр жағдайын, сол кездегі тарихи шындықты шынайы көрсете біл- ген. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты, патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді, өзінің жалынды үндеу жырларын сол қоз- ғалысқа арнап шығарды. Жамбылдың шығармалары – біз үшін қым- бат қазына, құнды тарихи дерек. Өйткені, ол 1916 жыл оқиғасына арналған жырларында тарихи шындықты нақты түрде баяндап бере алған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – Жамбыл ақын шығарма- шылығындағы ең негізгі тақырыптардың бірі.

Жүктелулер

Как цитировать

Smagulov, S. (2020). 1916 жылғы көтеріліс және Жамбыл Жабаев. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 80(1), 100–108. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/691

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая