Алтын орда ханы Тоқтамыстың Мәскеуге жорығы

Авторлар

  • Т. O. Omarbekov
        102 44

Аннотация

Ортағасырлардағы мемлекеттер арасында Алтын Орданың өзін- дік ерекше орны бар екені белгілі. Оның қалыптасу, даму және құл- дырау кезеңдері болды. Алтын Орданы әр түрі хандар басқарған тұс- та оның Орыс мемлекетіне деген саясаты да үздіксіз өзгеріп отырды. Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың кезінде екі мемлекет арасының шиеленіскені сондай, Тоқтамыс хан Мәскеуге әскери жорыққа аттан- ды. Мәскеу қаласы үшін және орыс княздіктері үшін үлкен қасіретке айналған бұл жорық орыс жылнамаларында көрініс тапқан. Дегенмен де, бір таңғаларлығы, Мәскеуді күйретуге алып келген осы жорық шын мәнінде Мәскеу княздігінің атын орыс жерінде жарнамалап, орыс княздіктері арасында бұл қаланың орыс мемлекетін біріктіруші қала ретінде рөлін көтере түсті. Оқырманға ұсынылып отырған ма- қалада орыс-түрік қатынасының елеулі беттері болып табылатын осы тарих екжей-текжейлі баяндалған. Мұнда, Тоқтамыс ханның Мәскеу князі Дмитрий Донскоймен және Орталық Азия өңірінде үлкен импе- рия құрған атақты Әмір Темірмен қайшылықты қарым-қатынасының салдарлары баяндалады. Мақала Тоқтамыс ханның билігінің күйре- уінде Әмір Темір мен қарым-қатынасының нашарлауы барысында қа- лыптасқан ахуалдарды біршама түсінікті және нақты баяндаған.

Жүктелулер

Как цитировать

Omarbekov Т. O. (2020). Алтын орда ханы Тоқтамыстың Мәскеуге жорығы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 80(1), 58–64. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/687

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая