АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУ СЕБЕПТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h12
        2282 1037

Аннотация

1979 жылы 25 желтоқсанда басталған Ауған соғысының ақиқаты әлі талай жылдар бойы айтылатыны анық. Себебі бұл соғыс – халықаралық, саяси, идеологиялық, әлеуметтікэкономикалық және әскери аспектілерді қамтыды. Әсіресе Ауған жерінде айқасқан 40-армияның бұл елге кіру себептері мақаланың негізгі өзегі болып саналады. Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстанға кіруінің қыры мен сыры еңбекте жан-жақты талданады. Кеңес әскері кіргенге дейінгі Ауғанстандағы әскери-саяси жағдай, Сәуір төңкерісі нәтижесінде жаңа үкімет басына келген басшылықтың наразылыққа тап болуы қарастырылады. Ауған жетекшілерінің КСРО-ға әскер кіргізу жөніндегі өтініштері айтылады. КСРО көсемдерінің мұндай халықаралық мәселені шешудегі саясаты сарапталады. Кеңес әскерін Ауғанстанға кіргізудің дайындығы, осы мақсатта құрылған 40-армияның әскери құрамы және арнайы мақсаттағы мұсылмандық батальонның жасақталуы көрсетіледі. КСРО атынан мұндай халықаралық және саяси шешімді қабылдаған адамдар тобы анықталып, олардың қабылдаған іс-әрекеті айқындалады. Ауғанстанға әскер кіргізу шешіміне қарсылық танытқан әскери мамандардың аты-жөні көрсетіледі. Бұл шешімді жүзеге асыру мақсатында КСРО Қорғаныс министрлігінен Оперативті топ құрылғандығы айтылады. 1978 жылғы 5 желтоқсандағы Кеңес-Ауған келісім-шартының негізінде әскердің кіргізіліп жатқандығы түсіндіріледі. 40-армияның мемлекеттік шекараны кесіп өту уақыты көрсетіліп, әскер кіргізудің себептеріне тарихи тұжырымдар жасалады. 

Жүктелулер

Как цитировать

Sailan, B. (2019). АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУ СЕБЕПТЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 95(4), 103–111. https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h12

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая