ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АЛТАЙЫ ПАЛЕОЛИТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h11
        85 70

Аннотация

 Мақалада қазақ Алтайы тас ғасырының зерттелу тарихы баяндалған. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан ғалымдардың ерекше назарында. Қазіргі таңда Күршім, Құйған, Серімбай, Рысақ1, Қозыбай 1-2, Үшбұлақ-1-2 және т. б. тұрақтары сияқты палеолит дәуіріне жататын 20-ға жуық жаңа ескерткіштер анықталды. Аталған ескерткіштердің ішінен ғалымдардың назарын жақында табылған Үшбұлақ-1 тұрағы аса қызықтыратынын атап өту қажет, тұрақ осы аймақта табылған көп қабатты стратификацияланған жалғыз ескерткіш болып табылады. Бұл ескерткішті зерттеу 2016 жылдан бастап Ресей-Қазақстан біріккен экспедициясымен РҒА ИАЭТ-ның және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірге жүргізіледі. Жұмыстар барысында қосымша тас дәуірінің жер бетінде орналасқан және стратификацияланған археологиялық материалдары бар бірнеше белгілі және жаңа тұрақтар зерттелді. Бүгінгі таңда бірлесіп жүргізілетін экспедиция жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. 

Жүктелулер

Как цитировать

Duvanbekov, R. (2019). ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АЛТАЙЫ ПАЛЕОЛИТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 95(4), 96–102. https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h11

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая