ОРЫС ХАН ЖӘНЕ АҚ ОРДАНЫҢ ЭТНОСАЯСИ ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h9Аннотация
Мақалада Орыс ханның өмірі мен қызметі Ақ Орда тарихымен, оның ішінде Ақ Орда мемле кетінің ХІV-ХV ғасырдағы саяси тарихымен тығыз байланыста қарастырылады. Ортағасырлық деректер мен зерттеулер негізінде Орыс хан тұлағасы арқылы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын Ордаға тәуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күресінің, Ақ Орда хандарының ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысқа араласуы, сондай-ақ Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің шапқыншылықтарына қарсылығы көрсетілген. XIV ғасырдың екінші жартысынан кейін басталған Алтын Орда, соның ішіндегі Ақ Ордадағы саяси тұрақсыздық кезеңіндегі тайпа көсемдерінің ықпалының артуы, олардың саяси өмірге тигізген әсерлері талданады. Ортағасырлық деректер негізінде Орыс ханның өз билігін нығайту жолында ең алдымен жеке дара билікке ұмтыла бастаған кейбір Жошы ұрпақтары мен олар арқа сүйеген ру-тайпа көсемдерінің сепаратистік пиғылдарын тиғаны талданған.