«ОТТАН ТҮСПЕГЕН ОЙЛАРЫ» БАР АҚЫН (Ғұсман Жандыбаевтың жеке қор құжаттары бойынша)

Авторлар

  • O. Mukhatova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh-2019-3-h8
        73 98

Аннотация

 Мақалада ҚР Алматы қаласы мемлекеттік архивінде сақтаулы Ғұсман Елеуұлы Жандыбаевтың №288 жеке қорының құрылуы баяндалып, құрамы мен мазмұны көрсетіледі. Жеке қордың бөлімдері және олардың мазмұны сипатталады. Қордың жекелеген бөлімдерінің ерекшеліктері анықталады. Қор құрушының өмірбаяны, қызмет жолының басталуы, әдебиетке келуі құжаттар бойынша талданады. Автор қор құжаттарын талдауда үш бағытты: ақпараттық, коммуникативтік және биографиялық ұстанады. Ғ. Жандыбаевтың республикалық фестивальге қатысуы және түрлі байқаулардың жеңімпазы атануы, алғашқы жыр жинақтары қарастырылады. Ғұсман Елеуұлының философиялық, саяси, экономикалық, психологиялық тұрғыдағы «Оттан түспеген ойлар» және ойтолғаулары, «Айтылмаған ақиқат» атты трактаттарының мәні ашылады. «Хань дәуірі» және «Бабыл патшасы Хаммурапидің заңдары» атты қолжазбалары талданады. Қордағы ақынның өзіндік ойтолғаулары, пікірлері, көзқарастары көрсетіледі. «Нарық портреттері» деген атау мен берілген сөздігінен мысалдар келтіріледі. Жеке қордың маңызына баға беріледі. 

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhatova, O. (2019). «ОТТАН ТҮСПЕГЕН ОЙЛАРЫ» БАР АҚЫН (Ғұсман Жандыбаевтың жеке қор құжаттары бойынша). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 94(3), 60–71. https://doi.org/10.26577/jh-2019-3-h8

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая