Ерте көшпелілердің тұрғылықты баспаналарының қалыптасуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h30Аннотация
Мақалада қазақ халқының тарихи этнографиясындағы маңызды мәселелердің бірі көшпелілердің тұрғылықты баспаналары генезисінің зерттелуі қарастырылады. Бұл мәселені изоляциялық есеппен белгілі бір аймақтық ареал негізінде емес, кең ауқымда, көршілес аймақтардағы халықтармен қатар, салыстырмалы түрде зерттеу қажет. Сібір және Орталық Азия халықтарының мәдениеті бір-бірімен біте қайнасып, тығыз байналысты болуы, мәселені кеңірек қарауға алып келеді. Бұл жерде қозғалатын мәселе көшпелілердің негізгі баспанасы болып табылатын киіз үйдің шығу генезисін талдау болып табылады.
Киіз үй Еуразия даласын мекен еткен көптеген көшпелі тайпалардың баспанасы болып табылады. Оның ішінде көне сақ-ғұн заманынан бастап, көне түркілер, моңғол тілдес тайпалар және парсы тілдес жемшид пен хазарлықтарда да қолданыста болған.