Мақал-мәтелдер – қазақ тарихының дерек көзі

Авторлар

  • D. Makhat Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h25
        413 2428

Аннотация

Мақала «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті (XIII-XVIII ғғ.)» мақсатты бағдарламалық қаржыландыру жобасы аясында орындалды. Ұлы дала тарихы мен мәдениетін кешенді қарастыру мақсатында қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған рухани мұрасы – мақал-мәтелдер жинақталып, талдау жасалып, зерттелді. Мақалада халықтың өзімен бірге жасап, екшеліп, бірден-бірге мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері тарихи дерек көз ретінде қарастырылған. Мақал мен мәтелдің шығу себебіне назар аударылып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына, мәдениетіне қатысты айтылған сөздердің мағынасы ашылған. Қазақ мақал-мәтелдері өте көп және тақырыптары да әр алуан: отан, еңбек, шаруашылық, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, салт-дәстүр, ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал-мәтелді зерттеу барысында олардың бір-бірімен байланысы мен өзгешелігіне де мән берілді. Сонымен қатар, мақал мен мәтелдің ғасырлар бойы толығып немесе өзгеріске ұшырап отыратынына да назар аударылды. Жарияланған, сондай-ақ қолжазба қорлардан мақал-мәтелдер жинақталып, даналық сөздердің қалыптасуына белгілі бір тарихи кезеңдердегі түрлі оқиғалардың әсері анықталған.

Жүктелулер

Как цитировать

Makhat, D. (2019). Мақал-мәтелдер – қазақ тарихының дерек көзі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 93(2), 192–199. https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h25

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая