Сақтардың этникалық бірегейлігі мәселесіне

Авторлар

  • E. Kartabayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h24
        69 222

Аннотация

Түркі халықтарының этномәдени дәстүрлерінің қалыптасуы ғылымдағы ең бір аз зерттелген тақырыптардың қатарына жатады. Соның ішінде, әлі күнге дейін шешімін таппай отырған мәселелердің бірі – сақтардың этникалық негізі, яғни шығу тегі мәселесі болып табылады. Орталық Еуразияның этникалық тарихын зерттеуші көпшілік ғалымдардың көрсетуі бойынша аймақтағы ең ерте, яғни қола дәуірінде өмір сүрген этникалық бірлестіктер үндіеуропалықтар болған. Қазіргі лингвистикалық зерттеулер де Орталық Азияның ең ежелгі халқы – сақтардың үндіеуропалық тіл тобына жататындығын көрсетуде. Бұл мәселе арийлер мәселесімен тығыз байланысты болғандықтан біржолата тығырыққа тіреліп отыр. Ғылымда әлі күнге дейін үстем болып отырған еуропацентристік бағыт өкілдері арийлер тек еуропалық нәсіл болуы тиіс деп басы-бүтін шешіп қойғандықтан, ғылымдағы басқа көзқарастардың ешқайсысы мойындалмауда. Алайда, еуропацентризмнің ғылымдағы осы диктатына қарамастан соңғы жылдары түркітанушылар арасында, арийлер мәселесіне қатысты және сақтардың түркілік тегін негіздейтін зерттеулер пайда бола бастады.
Мақаланың мақсаты – сақтардың этникалық бірегейлігі мәселесінің зерттелуіне үлес қосу болып табылады. Зерттеу нәтижесінде антикалық деректердегі скифтер туралы және үнді-иран мәтіндеріндегі (Ригведа, Авеста) арийлер туралы мәліметтерді салыстыру негізінде, ежелгі сақтардың түркі халықтарымен бірегейлігін анықтауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Жүктелулер

Как цитировать

Kartabayeva, E. (2019). Сақтардың этникалық бірегейлігі мәселесіне. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 93(2), 183–191. https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h24

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая