АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТРЕПАНАЦИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Авторлар

  • K. Iskakov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-426
        60 51

Аннотация

Трепанацияға деген қызығушылық ХІХ ғасырдан пайда бола бастады. Алғашқылардың бірі болып Венгр ғалымдарының хабарларын кездестіруге болады. Сол кезеңнен бері осы тақырыпта көптеген шетелдік және отандық археолог, антрополог, медицина ғалымдары қалам тартты. Мақалада көне дәуірлерден бастау алатын трепанация құбылысының зерттелу тарихы жан-жақты ашып көрсетілді және оның даму кезеңдеріне шолу жасалды.
Әлемдік тәжірибеде трепанация тірі адамға да, өлген адамға жасалған жағдайлар кездеседі. Автор ғалымдардың тірі адамдарға және мәйітке трепанация жасау себептері туралы пікірлеріне тоқталды.
Сонымен қатар, кейінгі жылдары Қазақстан жерінен көбіне патша обаларынан жиі табылып жатқан бас сүйектің және жілік сүйектердің бұрғылануына байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесіндегі отандық археологтардың пікірлері салыстырыла талданды.

Жүктелулер

Как цитировать

Iskakov, K. (2019). АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТРЕПАНАЦИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 92(1), 189–194. https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-426

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая