ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ (Бәшен Баймұратқызының жеке қор құжаттары бойынша)

Авторлар

  • О. Mukhatova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-421
        193 551

Аннотация

Мақалада өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, ғалым Бәшен Баймұратқызының Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивіндегі №540 жеке тектік қорының құрылуы және құрамы көрсетіледі. Автор Б. Баймұратқызының өмірбаянына қысқаша тоқталады. Орта мектептің мұғалімі, Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған ұстаз-ғалымның қазақ тілді балалар бақшасының жұмысына, тәрбие және мектепке даярлау әдістемесіне байланысты құжаттары талданады. Бәшен Баймұратқызы дайындаған қазақ және орыс тілді балабақшаларға арналған оқу және әдістемелік құралдарының, оқу бағдармаларының мазмұны ашылады. Балалардың тілін дамыту бағытындағы жүргізген эксперименттері және олардың ғылыми нәтижелеріне қатысты құжаттар анықталады. Орыс тілінде жұмыс жасайтын балабақшада қазақ тілін оқытуға байланысты ғылыми еңбектерінің маңызы көрсетіледі.

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhatova О. (2019). ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ (Бәшен Баймұратқызының жеке қор құжаттары бойынша). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 92(1), 146–159. https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-421

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая