АУҒАН СОҒЫСЫ ҚАЛАЙ АЯҚТАЛДЫ?
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-418Аннотация
1979-1989 жылдары болған Ауған соғысына деген көзқарас пен оған берілген баға әлі ұзақ жылдар бойы талқыналары анық. Өйткені бұл соғыс түйіні – көптеген халықаралық, саяси, идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық және әскери аспектілерді қамтыды. Соның ішінде он жыл бойы Ауған жерінде айқасқан 40-армияның Ауғанстанды тастап шығуы мақаланың негізгі арқауы болып саналады. КСРО үшін көптеген қиыншылықтар әкелген бұл соғыстың қалай аяқталғаны еңбекте жан-жақты талданады. 1980 жылдардың басынан әскерді Ауғанстаннан әкету туралы шешімнің халықаралық деңгейде жүзеге аспағандығы, ол жөніндегі келіссөздердің нәтижесіз аяқталғаны, соғыстың жылдан-жылға созыла түсу себептері айтылады. Тек 1985 жылдан бастап Ауған соғысын аяқтау, бұл елден кеңес әскерін алып кету жұмыстарының нәтижелі табыстарға жете бастағандығы қарастырылады. Кеңес әскерін 1989 жылы Ауғанстаннан әкетуде Женева келісімінің маңызды рөл атқарғаны және осы келісімге қатысушы елдердің ұстанымдары барынша анық сипатталып, соғыстың мәресіне жету себептері толық ашылады.