АРХЕОЛОГИЯ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ТАРИХЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Авторлар

  • M. Bakhtybayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-321
        81 0

Аннотация

XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басында ғылымның қарқынды дамыған кезеңі болып табылады. Бұл процеске орталықта – Санкт-Петербургте орналасқан ғылыми мекемелермен қатар Ресей империясының перефериясы болған Орталық Азияда құрылған жергілікті қоғамдық ғылыми мекемелер де үлес қосты. Уақыт өте олардың бір бөлігі археологиялық зерттеулер, қайта қалпына келтіру, көне ескерткіштерді қорғау жұмыстармен айналысатын және өз еңбектерін арнайы жинақтарда басып шығарған ірі ғылыми мекемелерге айналған. Сондай мекемелердің бірі Ташкент қаласында 1895 ж. құрылған Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесі болды.
Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесі жиырма жылдан астам Орталық Азияда орналасқан археологиялық ескерткіштерін, материалдық мәдениетін зерттеген қоғамдық ғылыми-өлкетану мекемесі болып табылды.
Мақалада Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесі осы өңірдегі археология саласындағы жергілікті қоғамдық өлкетану ұйымы ретінде құрылу тарихы, оның негізгі мақсаты мен міндеттері қарастырылады.

Как цитировать

Bakhtybayev, M. (2019). АРХЕОЛОГИЯ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ТАРИХЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 91(4), 243–252. https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-321

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая