ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ – ТҮРКІСТАН

Авторлар

  • G. Kozgambaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • B. Isabek Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-316
        142 153

Аннотация

Мақалада сан ғасырлық тарихы бар, түбі бір түркі халықтарының рухани, мәдени және экономикалық сауда орталығы ретінде Түркістан қаласының тарихтағы орны мен рөлі қарастырылды. Ортағасырдан қалған сәулет өнерінің інжу-маржаны Ясауидің кесенесі де осы Түркістанда. Қала екі ғасырдан астам уақыт Қазақ хандығының астанасы қызметін атқарған және онда қазақтың игі жақсылары жерленген. Қала аумағындағы мәдени мұралардың бірегейі – Қ.А. Ясауи тарихи мемориалдық кешені мен оның айналасындағы ескерткіштердің жағдайына сипаттама берілді. Қылует пен Әулие Құмшық ата жер асты мешіттерінің салынуы тарихы қарастырылды. Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласының даму тарихына тарихи тұрғыдан талдау жасалды. Түркістан қаласының жасын анықтау барысындағы жаңа көзқарастар қамтылып, қала тарихының беймәлім кейбір қырлары ашылып көрсетілді.
Мақаланы жазу барысында әр түрлі дереккөздер, ғылыми еңбектер, баспасөз беттеріндегі материалдар, архив деректері және археологиялық қазба материалдары негізінде жарияланған еңбектер қарастырылды. Мақалада тарихи талдау, салыстыру әдісін қолдану арқылы Түркістан қаласының тарихы мен тарихи ескерткіштердің ерекшеліктеріне талдау жасалды

Жүктелулер

Как цитировать

Kozgambaeva, G., & Isabek, B. (2019). ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ – ТҮРКІСТАН. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 91(4), 193–200. https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-316

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая