ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДАҒЫ МӘЙІТТІ УАҚЫТША САҚТАУ ЖӘНЕ ЖӨНЕЛТУ ҒҰРПЫ: ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-314Аннотация
Мақалада авторлар этнографиялық материалдар негізінде, археологиялық материалдармен сабақтастыра отырып көшпелілер қоғамында, оның ішінде қазақ халқында кездесетін «аманатқа қою» сияқты мәйітті уақытша сақтаудың жолдарын, себептерін, бұл ғұрыптың көшпелілер дүниетанымымен байланысын ашуға талаптанған және мәйітті жөнелту ғұрпына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, ерте көшпелілердің патшаларды ірі пантеондарға жерлеуі, қазақ халқының хандарын, би-шешендерін, батырларын Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуінің, беделді тұлғаларды соңғы сапарына елге сауын айтып, жиналып салтанатпен шығарып салудың мәнін сабақтастыра ашып көрсеткен. Қазақ халқында кездесетін кейбір жағдайларда өлген адамның мәйіті болмаған кезде кенотафты жерлеу түрлеріне де тоқталған.