ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОРАЛМАНДАР: ҚОНЫС АУДАРУ, ОРНАЛАСУЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-311Аннотация
Мақала авторлары шет жерлерде тұрып жатқан қазақтардың тарихи Отанға оралу мәселелерін қарастырады. Аталған зерттеудің мақсаты Оңтүстік Қазақстанда орналасқан репатрианттардың орналасуы және тарихи Отанға бейімделу мәселелерін айқындау. Мақаланы жазу барысында тарихи зерттеудің мынандай әдістері: объективтілік, тарихи-салыстырмалы әдіс және далалық зерттеу әдістері қолданылды. Мақалада Түркістан облысы аумағына қоныстанған оралмандардың орналасуы, саны және рулық құрамына назар аударады. Аталған аумақтарда негізінен Өзбекстан, Иран, Ауғанстаннан, сондай-ақ азырақ Түркиядан келген қазақтар өмір сүруде. Мақалада оралмандардың республиканың оңтүстік аумақтарына қоныстануының негізгі себептері көрсетілген. Сонымен қатар, оралмандардың қоныс аударуының негізгі кезеңдері, саны және олардың орналасуындағы ерекшеліктер мен тарихи Отанға бейімделуімен байланысты туындаған мәселелер қарастырылады. Авторлар локальды қоныстардың негізін қалыптастыратын рулық қатынастар мен жершілдік қағидаларын айқындайды және Қазақстанда оралмандардың бейімделу барысында негізгі роль атқаратын мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік және қаржылай қолдаулар жөнінде де айтылады.