ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-279Аннотация
Мақалада тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы мен оның халықаралық ұйымдарға мүше болуы және сол ұйым аясындағы еліміздің қызметі ашылады. Автор өз мақаласында алдымен қауіпсіздік саласындағы ұйымдардағы еліміздің қызметін ашуға көңіл бөледі. Атап айтқанда тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының алғашқы жылдарынан басымдылық берілген ұйымдардың қатарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын атап өтуге болады. Ұйым аясындағы еліміздің қызметі мен тың бастамаларының мәні ашылып, сондай-ақ осы мағынадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы қызметі ашылады. Мақалада сондай-ақ еліміздің түрлі одақтармен арадағы әріптестік байланыстар орнатқандығы аталып өткен. Автор еліміз және НАТО арасындағы байланыстардың тарихымен қатар бағыттарына баға берді. Автор мақалада еліміздің сыртқы саясатында атқарылған жұмыстарды жүйелі көрсетіп, жеткен жетістіктерді саралауға талпыныс жасаған. Алынған нәтижелер халықаралық қатынастар, саясаттану, Отан тарихының жекелеген тақырыптарын ашуға көмектеседі.