БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІНИ ЖАҒДАЙДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ РЕТТЕЛУІ

Авторлар

  • К. Ержан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • А. Абубакирова Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-278
        55 75

Аннотация

Мақалада Батыс Еуропа аймағында орналасқан мемлекеттердегі дін және мемлекет арасындағы қарым-қатынас сипатталады. Бұл қарым-қатынастың мейлінше көп кездесетін түрлері нақты тақырыптарға ие болып, жүйеленіп, сәйкес келетін мемлекеттік құрылымдар мысал ретінде беріліп, сипатталды. Батыс Еуропадағы шіркеу мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың дәстүрлі түрде мойындалатын үш түрлі үлгісі көрсетіледі: ұлттық немесе мемлекеттік деңгейде басым құқыққа ие конфессия ретіндегі шіркеу; кооперативтік – арнайы келісімшартта бекітілген шіркеу мен мемлекет арасындағы қызметтестік; сепаратистік – шіркеудің мемлекеттен бөлінуі. Мақала тақырыпқа кіріспе болар жалпы мәліметтен бастау алып, негізгі бөлімде мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынасына және елдердегі діни жағдайды реттеуде қолданылатын заңнамалық құжаттарға толыққанды сипаттама беріледі. Жеке мемлекеттер мысалында шіркеудің дәрежесі, мемлекеттің шіркеуге деген көзқарасы сараланады. Мемлекеттік органдар мен шіркеу қызметкерлерінің діни жағдайды реттеуге қосар үлесі талданады. Елімізде 2009-2011 жылдар аралығында жүзеге асырылған «Еуропаға жол» бағдарламасынан кейін еуропалық мемлекеттермен серіктестігі мен ынтымақтастығы барлық салаларда артқан мемлекетіміз үшін қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған діни саладағы сан түрлі мәселелердің шешімін тиімді жолдар арқылы таба білген еуропалық зайырлы мемлекеттердің үлгісін талдап, зерттеу арқылы көп ұлтты, бірнеше діндер қатар өмір сүріп жатқан мемлекетіміздегі діни жағдайды реттеп, басқарудың тиімді тетіктерін жетілдіре алмақпыз.

Жүктелулер

Как цитировать

Ержан, К., & Абубакирова, А. (2018). БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІНИ ЖАҒДАЙДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ РЕТТЕЛУІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 90(3), 177–186. https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-278

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая