Ұлттық ойындар – батырлыққа тәрбиелеудің жоғары мектебі

Авторлар

  • M. Dauytbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • D. Abnassyrov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-227
        61 29

Аннотация

Мақалада қазақ халқының ұлттық ойындарының атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрі қарастырылады. Ұлттық ойындар қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол халық тарихымен бірге жасасып келе жатқан терең тарихы бар күрделі үдеріс. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, атадан-балаға үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған. Қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны, тұрмыс жағдайларына байланысты дамыған. Тарихи кезеңдерде өзгерістерге ұшырап, даму сатыларынан өткен. Бүгінде бізге жеткен ұлттық ойындардың түрі көп. Осы сан түрлі ұлттық ойындар арасынан біз бүгінгі мақалаға арқау ретінде ұлттық-спорт ойындарына және оның батырлық дәстүрге әсеріне тоқталуды мақсат тұттық.

Жүктелулер

Как цитировать

Dauytbekova, M., & Abnassyrov, D. (2018). Ұлттық ойындар – батырлыққа тәрбиелеудің жоғары мектебі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 89(2), 108–114. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-227

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая