Түркістан генерал-губернаторы К.П. Кауфманның әкіміліктік құрылыс және қазақ шенеуніктері туралы көзқарастары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-226Аннотация
Бұл мақалада Түркістан генерал-губернаторы Константин Петрович Кауфманның өлкедегі әкімшіліктік құрылыс пен қазақ шенеунік мәселесі туралы ойлары талқыланады. Генерал Кауфманның өзінің түрлі есептері, нұсқаухаттары мен ол туралы естелік хаттардың мазмұнын талдай отырып, қазақтар арасындағы өзін-өзі басқару, орыс емес шенеуніктерге сыйлықтар беру жүйесі мен оның сомасы, қазақтарды империның қызметіне тартудағы орыс мектептерінің маңызы туралы Кауфманның көзқарастарына талдау жасалынды. Генерал-губернатордың қазақтар арасында сот ісін өзгертуге қатысты талпыныстары қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада К.П. Кауфманның Түркістан генерал-губернаторлығы аумағына қарасты Жетісу облысында жерленген қазақ офицері Шоқан Уәлихановқа қатысты көзқарасы анықталды.
Сондай-ақ, мақалада Кауфман басқарған әкімшіліктік құрылысты тиімділігіне қатысты түрлі ойлар келтірілді. Генерал-губернатор мен оның әкімшілігі туралы революцияға дейінгі авторлардың, кеңестік тарихнаманың, отандық және шетелдік ғалымдардың әдебиеттерін пайдалана отырып, Түркістан генерал-губернаторлығындағы Кауфманның қызметі туралы тарихи тұжырымдар анықталды.