«Құлажорға» типіндегі археологиялық ескерткіштердің жерлеу архитектурасы

Авторлар

  • M. Abzalbekov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • R. Zhumatayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        63 62

Аннотация

Жерлеу ғұрпы кез келген этнос мәдениетінің негізгі элементі болып табылады. Соңғы он жылдықта осы мәнтіндегі зерттеулерде басты бағыт көшпелі халықтардың оба құрылыстары мн тастан тұрғызылған ғұрыптық нысандары алып отыр. Олар зерттеудегі ешкімге беймәлім және экзотикалық заттан зерттеушілердің кең ауқымдағы нысанына айналды, оларға архитектура саласындағы мамандардың назары ауып отыр.
«Құлажорға» типіндегі археологиялық ескерткіштер алғаш рет С.Черников тарапынан Шығыс Қазақстан ерте темір дәурінің ерекше сатысы ретінде бөлінді. Бүгінгі күнге дейін аталған ескерткіштер бойынша ауқымды материал жинақталды. Алайда архитектуралық ерекшеліктері толығымен зерделенген жоқ.
Сондықтанда, бұл жұмыстың мақсаты құлажорға типіндегі обалардың орналасу құрылымдары мен жерлеу ғұрпын анықтау болып табылады.
Зерттеудің міндеті жерлеу ғұрпының көрініс табу ерекшеліктерін, жәнеде қабір іші ерекшеіктері және оба үсті құрылыстарының даму динамикасын анықтау.

Жүктелулер

Как цитировать

Abzalbekov, M., & Zhumatayev, R. (2018). «Құлажорға» типіндегі археологиялық ескерткіштердің жерлеу архитектурасы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 89(2), 89–95. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/224

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая