Қазақстан және Таяу Шығыс елдері: қатынастарды қалыптастыру (1991-1999 жж.)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-220Аннотация
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметі өз жолын жүріп өтті және осы тұста Қазақстан көптеген мемлекеттермен қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық базасы негізін қалыптастырғандығын, әлемдік қоғамдастықтың елге деген сенімі мен құрметі артқандығын атап өту керек. Қазақстанның әлемдік және аймақтық экономикалық үрдістерге интеграциялануы үшін қажетті алғышарттар жасалды және сыртқы саясаттың басым бағыттары таңдалды. Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі біздің республикамыздың Таяу Шығыс елдерімен қарым-қатынасы болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі ынтымақтастықтың белгілі бір аспектілерін зерттеу қажеттілігі болып есептелінеді.