КЕҢЕС ЛАГЕРЛЕРІНДЕГІ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ НЕМІС ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРЫ: САЯСИ АСТАРЫ ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІ ШЫНДЫҚ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH120120269
        42 7

Кілттік сөздер:

Екінші дүниежүзілік соғыс, тұтқындар, тұтқын лагерлері, немістер, Германия, КСРО, репатриация.

Аннотация

Мақала – Екінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарын ұстаудың заңдық астарларын, ерекшеліктерін, қиындықтары мен тұтқынның күнделікті өмірін, лагерь өміріне икемделуі мен кеңестік доктриналарды қабылдауын неміс соғыс тұтқындарының мысалында көрсету мақсатын көздейді.

Мақала тарих, құқықтану, әлеуметтану ғылымдарының пәнаралық түйісінде жазылды. Сондықтан, зерттеудің методологиялық негізін тарих, құқықтану, әлеуметтану ғылымдарының тәсілдері құрады. Пәнаралық тәсілдермен қатар, ретроспективті, мәселелік, хронологиялық, биография, дискурстік талдау, просопография, антропологиялық тәсілдер мақала тақырыбын зерттеуге мүмкіндік берді.

Мақалада батыс ғалымдарының, соның ішінде, неміс тарихшыларының зерттеулері мен КСРО лагерлерінде тұтқынында болған әскерилердің мемуарлық естеліктері негізінде адамның тұтқын рөлінде өмір сүруі, лагерь шындығын қабылдауы, тұтқынның мінез-құлқындағы өзгерістер, құндылықтар жүйесінің трансформациясы, мәдениетаралық коммуникация және тұтқынның соғыстан кейінгі қоғамға қайта қосылуы зерттелді.

Тұтқынның лагерь социумы ретіндегі күнделікті өмірін мемуарлық деректер мен неміс ғалымдарының еңбектері негізінде зерттеп, салыстырмалы талдау жүргізу мақаланың алдына қойған мақсатындағы жаңалығы болып табылады.

Немістердің КСРО аумағындағы соғыс қимылдарына тікелей қатысуы, соғыстан кейін жеңілген Германияның екі мемлекетке бөлініп кетуі, «қырғи-қабақ» соғыстың басталуы сияқты тарихи факторлардың КСРО лагерьлеріндегі неміс тұтқындарының тұрмысы мен құқықтық жағдайына кері әсері мақаланың ғылыми нәтижелері барысында анықталды. Соғыс тұтқыны мәселесінің саяси астарының пайда болу себептері анықталды. Әскери тұтқындар санының статистикасы, просопографиялық бейнесі қалыптастырылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Мырзабекова, Р., & Махмадинов, Д. (2026). КЕҢЕС ЛАГЕРЛЕРІНДЕГІ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ НЕМІС ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРЫ: САЯСИ АСТАРЫ ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІ ШЫНДЫҚ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 120(1). https://doi.org/10.26577/JH120120269

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история