THE ROLE AND PLACE OF CENTRAL ASIA IN TURKISH FOREIGN POLICY
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-215Аннотация
Мақалада 1991-2000-шы жылдар аралығындағы Түркияның Орталық Азия елдеріне қатысты жүргізген сыртқы саяси бағыты қарастырылады. КСРО ыдырағаннан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы мен олардың тәуелсіздігінің Түркия тарапынан танылуы Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуының бастапқы қадамы болды. Соның ішінде 1991 ж. кейінгі кезеңдегі әлемнің алпауыт елдері – Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, сондай-ақ Иран, Үндістан және Түркия сынды мемлекеттердің Орталық Азия елдерімен геосаяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жүргізілу ерекшеліктері талданады. Сондай-ақ, Түркияның Орталық Азияға өзінің ықпалын күшейтуде ең алдымен тарихи-мәдени байланыстарды ұтымды пайдалануы қарастырылған.
2002 ж. билікке батыстық құндылықтарды негізге алған Әділет және даму партиясының билікке келуі Түркияның сыртқы саяси бағытына күрделі өзгерістер енгізді. Әсіресе, Түркияның сыртқы істер министрі А.Дауытоғлының «Стратегиялық тереңдік» еңбегіне негізделе отырып, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси факторлар «жұмсақ күш» саясатын трансформациялап, соның нәтижесінде геосаяи мүдде аймағына кіретін Орталық Азиядағы ықпалы күшейтілді.