«ISLAMIC CULTURE AND PRE-ISLAMIC BELIEFS IN CENTRAL ASIA» (ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ НАНЫМ-СЕНІМДЕР) АТТЫ КІТАПҚА ПІКІР
Аннотация
Бұл еңбек Орталық Азияның мәдениеті мен тарихын халықаралық ғылыми қауымдастыққа, әсіресе, Балқан аумағындағы ғылыми ортаға насихаттауға бағытталған. Ғылыми еңбекте Орталық Азия мемлекеттері халқының діни өмірін терең түсінуге, соның ішінде ислам мәдениеті мен дәстүрлеріне, сондай-ақ исламға дейінгі діни наным-сенімдерге жан-жақты саралауға ұмтылыс жасалған. Сонымен қатар, еңбек аймақтағы саяси және әлеуметтік жағдайларға діни факторлардың әсерін талдайды. Авторлардың пікірінше, бұл зерттеу Балқан елдері мен Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан арасындағы ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға серпін береді.








