МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР МӘДЕНИ ЛАНДШАФТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH1201202615
        29 3

Кілттік сөздер:

Түйін сөздер: мәдени ландшафт, этномәдени ландшафт, музей-қорық, ЮНЕСКО, тарихи жад

Аннотация

2017 жылы Қазақстан Республикасында тарихи-мәдени мұра объектілерін қайта қалпына келтіру және тарихи жадты жаңғырту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында тарихи естелік орындарын сақтау мен дамыту ұлттық сананы қалыптастырудың және жетілдірудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл объектілер ұлттың тарихи жадының тұғырлы негізін құрай отырып, қоғамды ортақ тарихи сана төңірегінде шоғырландыратын мәдени-концептуалдық орталықтар мәртебесіне ие болуы тиіс деген тұжырым бағдарламада негізгі қағидаттардың бірі ретінде белгіленген.

Мақаланың мақсаты - музей-қорықтарды мәдени ландшафттың нысаны ретінде қарастыру. Мақалада Қазақстандағы Таңбалы, Ұлытау, Есік сияқты музей-қорықтар және Солтүстік Еуропадағы жартас суреттері мәдени ландшафт ретінде сараланады. Мақаланы жазу барысында 2000 жылдан бергі отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды.

Отандық және шетелдік мәдени ландшафтты салыстырмалы тарихи әдіс негізінде талдау мақаланың басты міндеті. Оның ішінде Швециядағы Танум  және елімізде орналасқан Таңбалы жартас суреттерін сақтау шараларындағы ұқсастықтары мен айырмашылылықтары сараланады. Сонымен бірге, Қазақстандағы аумағы жағынан ең үлкен және ең кіші музей-қорықтарды мәдени ландшафт нысаны ретінде ұсыну мәселесі көтерілді. Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи әдіс, ландшафттық-географиялық және геоархеологиялық тәсіл, ақпараттық-аксиологиялық тәсіл қолданылған. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде музей-қорықтардың тек тарихи ескерткіш қана емес, табиғи және мәдени кеңістіктің тұтас кешені екендігі анықталады. Бұл Қазақстандағы музейлердің рөлін кеңейтіп, тарихи жад пен ұлттық сананың қалыптасуына негіз болады. Зерттеудің ғылыми нәтижесі музей-қорықтардың мәдени ландшафт ретіндегі рөлі анықталып, Ұлытау, Есік нысандары ЮНЕСКО талаптарына сай келетін табиғи-мәдени ландшафт ретінде танылу мүмкіндігі көрсетілді.

Авторлардың биографиясы

Т.Т. Әбдіразақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Алматы қ, Қазақстан

докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы.

Н. Вуков, Болгария ғылым академиясы

доцент, PhD, Болгария ғылым академиясы, Болгария, София. 

Жүктелулер

Как цитировать

Әбдіразақ, Т., & Вуков, Н. (2026). МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР МӘДЕНИ ЛАНДШАФТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 120(1). https://doi.org/10.26577/JH1201202615

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология