СОЛТҮСТІК ҮСТІРТ (ДОҢЫЗТАУ) МЕШІТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ (ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH120120262Кілттік сөздер:
ислам, солтүстік Үстірт, мешіт, діни-тұрғын кешенАннотация
Аңдатпа. Кіріспе. Мақалада Арал-Каспий аймағының бір өңірі Доңызтауда (Солтүстік Үстірт) орналасқан ХІХ –ХХ ғғ. салынған діни-тұрғын кешендердің (мешіті, мектебі, тұрғын жайлары бар) зерттелу деңгейіне тоқталып, ескерткіштердің салыну тарихына назар аударылған. Зерттеудің мақсаты. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихы тарихнамасында аймақтағы ислам дінінің таралуы, өлкедегі мешіттер және діни қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеу өзекті тақырыптардың қатарында болмады. Осыған байланысты «ақтаңдақтары» мол өлкеміздегі рухани мәдениеттің мәйегі болған мешіттер мен діни-тұрғын кешендеріне қатысты халық жадында сақталған мәліметтерді және жарық көрген еңбектерді зерделей отырып, ғылыми тұрғыда бағасын беру басты мақсатымыз болмақ. Жұмыстың әдіснамасы. Мақала бойында тарих методологиясының ескерткіштерді сипаттау, талдау және салыстыру әдістері кеңінен көрініс табады. Жұмыстың нәтижелері. Өңірдегі мешіттер мен медреселердің ерекшеліктеріне тоқталып, олардың сипаттамалары берілді. Діни-тұрғын кешендерге «мәдени мұрамыздың» бір бөлігі тұрғысынан назар аударылып, олардың шығу төркінін анықтауға талпыныс жасалады. Нәтижелерді қолдану аймағы. Этнолог мамандарға,мәдениеттанушыларға, тарихшыларға сондай ақ қазақ тарихын білгісі келетін жалпы оқырман қауымға жариялымда көрініс тапқан мағұлыматтар пайдалы болып табылады. Зерттеу қорытындылары. Өңірде тұрғызылған мешіт-медреселерді материалдық мәдени мұрамыз ретінде зерделей отыра, ол мешіттерді салдырған тұлағалар, медреселерде ұстаздық қылған діни қайраткерлердің өнегелі өмірі мен қызметтерінен көршілес бауырлас халықтармен рухани байланыстың орнын анықтадық.








