БЕАТРИС ПЕНАТИДІҢ «КЕҢЕСТІК ОРТА АЗИЯНЫҢ АУЫЛ ТАРИХЫ: КЕҢЕСТІК ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЕРТЕ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРВАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР» АТТЫ КІТАБЫНА РЕЦЕНЗИЯ.
Аннотация
Беатрис Пенатидің кешенді зерттеуі Brill баспасының «Handbook of Oriental Studies» жобасы аясындағы, атап айтқанда, Орал және Орталық Азия зерттеулеріне арналған сегізінші бөлімнің жаңа томы болып табылады. Жобаның мақсаты — аймақтардың саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және діни тарихын зерттеу.








