МАРҚАКӨЛ АУДАНЫНЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511913
        57 43

Кілттік сөздер:

Шығыс Қазақстан, Алтай, Марқакөл, археология, барлау, қазба, зерттелу тарихы.

Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында жүргізілген барлық археологиялық барлау, қазба жұмыстарының нәтижелері, кездейсоқ табылған жәдігерлер, жазба деректер мен архив материалдары қарастырылып, жинақталған. Осы өлкеге қатысты XVIII–XIX ғасырлардан бастап қазіргі таңға дейінгі археологиялық ізденістер мен зерттеулер толық пайдаланылған. Зерттеу хронологиялық жағынан Ресей патшалығы кезі, Кеңес уақыты және еліміздің егемендік алғаннан бастап 2024 жылға дейінгі деректер қамтылған. Ресей патшалығы тұсындағы ХVІІІ ғасырдан бастау алатын зерттеулердің басында тұрған Г.Ф Миллерден бастап Ертістің жоғарғы ағысына дейін 1768-1774 жылдары келген құрамында  П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Гмелин, Х. Барданестер бар екінші академиялық экспедицияның материалдары қамтылған. ХІХ ғасырдағы Г.И. Спасский, П. Новопашин, В. Никитиннің жазбалары және ХХ ғасырдың басындағы А.В. Адриановтың еңбектері сараланған.

Кеңес өкіметі кезінде Марқакөл ауданында қазба, барлау жұмыстарын жүргізген С.С. Черников, З. Самашев, А.А. Чариков, Ә.М. Оразбаев, А.А. Ковалев, А.А. Тишкин, П.К. Дашковский, Г.А. Кущ пен Г.И. Суворовалардың еңбектерінің нәтижелері мен кешін тұстары да қарастырылған.

Тәуелсіздік жылдардағы археологиялық зерттеулер 2012 жылдан басталып бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан Ғ.Қ. Омаровтың басқаруындағы Алтай археологиялық экспедициясының материалдары, мақалалары мен монографиялық еңбектері негізінде хронологиялық тәртіппен берілген. Кездейсоқ жағдайда табылған жәдігерлер де қаузалған.

Жүктелулер

Как цитировать

Омаров, Ғ., & Бесетаев, Б. (2025). МАРҚАКӨЛ АУДАНЫНЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 119(4). https://doi.org/10.26577/JH202511913

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология