АССИМИЛЯЦИЯ МЕН ҚОС ИДЕНТИЧТІКТІҢ АРАСЫНДА: НЕКЕЛІК МИГРАНТТАР БАЛАЛАРЫ ТУРАЛЫ КОРЕЙ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДИСКУРСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH202511914Кілттік сөздер:
мультикультуралық отбасылар; некелік мигранттар балалары; этникалық идентичтік; ассимиляция; қос идентичтік; қостілділік; Оңтүстік Корея; академиялық дискурсАннотация
Бұл мақалада Оңтүстік Кореядағы некелік мигранттар мен мультикультуралық отбасылардан шыққан балалардың идентичтігіне арналған корей тіліндегі зерттеулер историографиялық және тақырыптық талдау негізінде қарастырылады. Зерттеу 2008–2023 жылдар аралығында жарияланған диссертациялар мен ғылыми мақалаларға сүйенеді. Материалдар Сеул ұлттық университетінің DBpia дерекқоры арқылы жиналды. Тақырыптық талдау нәтижесінде негізгі зерттеу бағыттары анықталды: мектептегі бейімделу, дискриминация мен буллинг тәжірибесі, тілдік даму және қостілділік, әке мен ананың әлеуметтенудегі рөлі, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен кеңес беру қолдауының ықпалы. Вьетнамдық, қытайлық, моңғол, жапон және орыс тілді мигрант аналардың балаларына арналған еңбектердің салыстырмалы талдауы идентичтікті қалыптастырудың ортақ үлгілерін де, мәдени тұрғыдан ерекшеленетін қырларын да көрсетті. Нәтижесінде, корей академиялық дискурсы бастапқы кезеңдегі ассимиляцияға және «корейлік идентичтікті» бекітуге басымдық беруден қазіргі кезде қос идентичтікті мойындау, қостілділікті ресурс ретінде қарастыру және институционалдық қолдау нысандарын іздеуге қарай эволюция жасағаны анықталды. Бұл историографиялық шолу Кореядағы ғылыми зерттеулердің қоғамдағы кең әлеуметтік алаңдаушылықтарды бейнелеумен қатар, мультикультурализм мен идентичтікті қабылдау үдерістеріне ықпал ететінін көрсетеді.








