1924-1925 ЖЖ. ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ САЛДАРЫ

Авторлар

  • Ұ.Ш. Исмагулов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан
  • Д.М. Исмагулова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251193
        40 17

Кілттік сөздер:

Қуаңшылық, шаруашылық күйзеліс,азық – түлік дағдарысы, аштық, ашыққандарға көмек, арнайы комиссиялар.

Аннотация

      Мақалада 1924-1925 жылдары ҚазАКСР-да, оның ішінде Ақтөбе өңірінде орын алған қуаңшылық мәселесіне, оның шаруашылық  жағдайына және халықтың тұрмыс – тіршілігіне тигізген әсері қарастырылады. Бұрынғы кеңестік, сондай-ақ отандық тарихнамада бұрын – соңды зерттеле бермеген сол кезеңде халық тағы да ауыр жағдайға ұшыраған еді. 1921 -1922 жылдардағы аштық қасіретінен оңа алмай жатқан тұрғындар басына жаңа сынақ азабы үйірілді.

Авторлар қалыптасқан жағдайдың жай ғана қуаңшылық деп бағаланған сол жылдары азық – түлік жоқтығынан тұрғындар түрлі суррогат, өсімдік тамырларын, т.б. пайдаланғандарын атап көрсетеді. Дұрыс тамақтанбау және аштық  әсерінен түрлі жұқпалы аурулар тарады және  тұрғындар арасында адам өлімі кездесті. Архив материалдарында бүтін бір отбасыларының аштықтан өлу фактілері тіркелген.

Билік орындары қалыптасқан ауыр жағдайларды реттеуге барынша әрекет етті. Дегенмен олардың  түрлі көмек беру, қаржы бөлу жұмыстарында кемшіліктер  орын алды.

Мақала мақсаты архивтік деректер негізінде Ақтөбе өңірінде орын алған аштықтың себеп – салдарын, соған байланысты үкімет пен партия тарапынан реттеу үшін қолға алынған іс – шараларды, нәтижелерді ашып көрсету болып табылады.

Мақалада тарих ғылымының объективтілік, тарихилық принциптері негізге алынды, зерттеудің салыстырмалы әдіс – тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеу қорытындысы нәтижесінде авторлар  ауқымы төмен деп есептелген 1924 -1925 жылдардағы қуаңшылықтың  Ақтөбе өңірі тұрғындары үшін қайғы-қасіреті  зор болғандығы жайында тоқтамға келеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Исмагулов, Ұ., & Исмагулова , Д. . (2025). 1924-1925 ЖЖ. ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ САЛДАРЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 119(4). https://doi.org/10.26577/JH20251193

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества