1940–1942 ЖЫЛДАРЫ БРИТАНИЯНЫҢ ӘСКЕРИ-САЯСИ ЖОСПАРЛАРЫНДА КАВКАЗ МҰНАЙ ӨҢІРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH202511910Кілттік сөздер:
Британия, Германия, КСРО, Екінші дүниежүзілік соғыс, Кавказ, мұнай, “Пайк”, “Велвет”Аннотация
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кавказ өңірі тек қана маңызды энергия ресурстарына емес, сонымен қатар Одақтастар мен Германия үшін елеулі геостратегиялық маңызға да ие болды. 1940 жылдың бірінші жартысына дейін француз және британ әскери басшылығы Германия мен Кеңес Одағының ықтимал одағын болдырмау және Кавказдың мұнай ресурстарының Германияға берілуінің алдын алу мақсатында әртүрлі әскери-стратегиялық жоспарлар әзірледі. Алайда Германияның еуропалық елдерді бірінен кейін бірін оккупациялауынан кейін Британия үшін басты басымдық елдің қорғанысын және империялық мүдделерді қорғау үшін өмірлік маңызы бар Таяу Шығыс пен Үндістанды ықтимал жау шабуылдарынан қорғау болды. Кавказ өңірінің стратегиялық маңызы Германияның Кеңес Одағына басып кіруінен кейін Одақтастар үшін қайтадан арта түсті. Бұл жолы басты мақсат мұнай инфрақұрылымының жау қолына түспеуін қамтамасыз ету үшін оны Кеңес Одағының келісімімен бомбалау болды. Мұндай ауқымды жоспардың ең негізгісі Америка мен Британияның әуе күштері бірлесіп жүзеге асыруға тиіс «Velvet» кодты операциясы еді. Алайда Сталинград шайқасының нәтижесінен кейін Кеңес Одағы бұл жоспарды іске асырудан бас тартты. Бұл мақаланың мақсаты 1940–1942 жылдар аралығында Британияның Франциямен және Америка Құрама Штаттарымен бірлесіп немесе жеке дайындаған әскери жоспарларының мақсаттарын, мазмұнын және не себепті жүзеге аспағанын егжей-тегжейлі талдау болып табылады.








