ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЬША ЕЛШІЛІГІ ӨКІЛДІГІ (1941–1943): ПОЛЯК ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК БАҚЫЛАУ САЯСАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251199
        30 26

Кілттік сөздер:

еріксіз көшіру, Польша Республика Елшілігі өкілдігі, саяси көзқарас, қамқоршылық ұйымдар, тыңшылық

Аннотация

Мақалада мәжбүрлеп қоныстандырылған поляктардың Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында жазған арыз-шағымдары, наразылықтары, көрген теңсіздігі мен әділетсіздігі, кеңес билігімен және Польша Республикасы Елшілігі өкілдігімен қарым-қатынасы талданып, Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйесінде Елшілік өкілдігінің әртүрлі саяси тетіктерді пайдалана отырып, поляктардың саяси-әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жемісті еңбектері талқыланады. Шетелдік және отандық тарихнамада Кеңес Одағындағы бұл ұйымның елдің дамуына қосқан үлесі зерттеліп, сыни тұрғыдан қарастырылмады. Соғыс жағдайына байланысты назарға ілінуге лайық біраз саяси оқиғалар болғандықтан, кеңестік жүйеде шетелдік саяси билік органының өмір сүруі жеткілікті деңгейде бағаланбады. Мұрағат құжаттарын зерделей отырып, бұл ұйымның кеңестік жүйенің саяси тиімсіздігі, олқылықтары мен қайшылықтарын жалаңаштағанына назар аударуға болады. Мұрағат құжаттарына дереккөздік талдаумен қатар, салыстырмалы-тарихи, мәселелі-хронологиялық және жинақтау әдістері қолданылды. Кеңес билігі мен Елшілік өкілдігі арасындағы қарым-қатынасты саралау үшін институционалдық әдіс пайдаланылды. Елшілік өкілдігінің поляк ұлтына қатысты барлық мәселелерді шешіп, саяси өмірге араласа бастауы елшілік өкілдігі қызметкерлерінің қудалануына алып келді. Бұл репрессиялық іс-шаралардың жүзеге асырылуы поляк ұлтының еркіндігі мен саяси бостаңдығын шектеп, жоюға бағытталған қадамдары болды деген тұжырымдама жасалды.

Жүктелулер

Как цитировать

Бисембайұлы, М. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЬША ЕЛШІЛІГІ ӨКІЛДІГІ (1941–1943): ПОЛЯК ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК БАҚЫЛАУ САЯСАТЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 119(4). https://doi.org/10.26577/JH20251199

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история