КЕЛЕС ДАЛАСЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРКІШТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025118319Кілттік сөздер:
Келес даласы, тарихи-мәдени ескерткіштер, қалашық, қорым, топография, қаңлы, пәнаралық зерттеулерАннотация
Мақала Келес алқабында орналасқан археологиялық ескерткіштерінде бір ғасырдан асқан уақыт жүргізілген зерттеулер нәтижелерін жүйелеу мен талдауға арналған. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихылық пен ғылыми объективтілік принциптері құрады. Біріншісі, декеккөздердің барлық түрін интерпретациялау кезінде тарихи контекстті ескеруді талап етеді, сонымен қатар, зерттеу пәнін ХІХ ғ. соңы мен ХХI ғ. басы аралығында археология ғылымында орын алған процестер мен құбылыстарға байланысты қарастыруға мүмкіндік береді. Ал, ғылыми объективтілік принципі қарастырылатын материалдарға деректанулық пен тарихнамалық талдау жүргізуге негіз болды.Авторлар атқарылған зерттеулерді шартты түрде үш кезеңге бөледі: біріншісі – қазан төркерісіне дейінгі, екіншісі – кеңестік, үшінші – қазіргі кезең. Бірінші кезең ескерткіштерді есепке алу және жалпы сипаттаумен сипатталса, екіншісі дәстүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып жүргізілген алғашқы кешенді зерттеулер. Ал, үшінші кезең жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану арқылы ауқымды және жүйелі зерттеулермен сипатталады. Осы әдістердің арқасында ескерткіштердің мерзімін нақты анықтауға, материалдық мәдениет үлгілерін жіктеуге және өлкенің тарихи даму ерекшеліктерін толығырақ зерттеу жұмыстың жаңашылығы болып табылады . Зерттеу нәтижесінде, ХІХ ғ. өлкетанушылар мен саяхатшылардың еңбектерін талдау негізінде өлкенің тарихы, халқының этникалық құрамы, топонимикасы туралы құнды деректер жинақталып, қазіргі археологиялық зерттеулер ескерткіштердің құрылымы, мерзімделуі, сондай-ақ ежелгі халықтың материалдық және рухани мәдениеті туралы мәліметтерді анықтады.
