2023-2024 ЖЫЛДАРЫ БОСТАН ҚОРЫМЫНДА (ҚОҒАЛЫ АЛҚАБЫ, ЖЕТІСУ) ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025118316
        101 32

Кілттік сөздер:

Жетісу, Қоғалы, археология, ерте темір дәуірі

Аннотация

2023-2024 жылдары Жетісу облысының Қоғалы алқабындағы Бостан ауылы (Кербұлақ ауданы) маңындағы тау бөктеріндегі ескерткіштерге археологиялық жұмыстар жүргізілді. Қоғалы алқабының кеңдігін ескерер болсақ, Бостан сияқты оқшауланған қорғандарда қазба жұмыстарын жүргізу ең перспективалы дүние болып саналады, өйткені олар мазмұны бойынша ақпараттар легінен тұрады. Дала жұмыстарының негізгі мақсаты мен міндеттері: мәдени мұра нысандарын зерттеу бойынша жоспарлы ғылыми жұмыстар атқару, қорғау мақсатындағы археологиялық қазбалар жүргізу, ескерткіш функциясының хронологиялық шеңберін нақтылау, т.б. Көрсетілген мерзімде алқапта 4 қорған қазылды, олардың бірегейлігі жерлеу рәсімінен де, заттық мәдениеттен де көрініс табады. Зерттеу барысында қорғандардың хронологиясы анықталды, салыстырмалы талдау жасалды, ортақ белгілері де, олардың айырмашылықтары да анықталды. Алынған нәтижелер ерте темір дәуірінде тайпалар конфедерациясы немесе жеке тайпалық құрылымдық бөлімше өмір сүре алатын халық тығыз қоныстанған аумақ болғанын көрсетеді. Элиталық қорғандардың, сондай-ақ шағын обалардың болуы қоғамның әлеуметтік саралануын айқын көрсетеді. Бостан қорымын зерттеу ерте темір дәуіріндегі Қоғалы алқабының дамуын түсінуге бағытталған маңызды қадам болып табылады, Сонымен қатар сақ мәдениетін зерттеудің жаңа әдістерінің дамуы мен қарқындауына ықпал етеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Байгунаков, Д., & Ерғабылов, А. (2025). 2023-2024 ЖЫЛДАРЫ БОСТАН ҚОРЫМЫНДА (ҚОҒАЛЫ АЛҚАБЫ, ЖЕТІСУ) ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 200–209. https://doi.org/10.26577/JH2025118316

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология