ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ ОРЫНБОР БӨЛІМІ КОРРЕСПОНДЕНТТЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ РӨЛІ

Авторлар

  • Ж.С. Бегимбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Ақтөбе, Қазақстан. https://orcid.org/0000-0002-9827-379X
  • Б.Б. Байшов Т. Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Ақтөбе, Қазақстан. https://orcid.org/0000-0002-6656-9596

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511912
        53 28

Кілттік сөздер:

ғылыми қоғам, экспедициялар, этнография, тарих, бағдарламалар, баяндамалар, корреспонденттік желі.

Аннотация

ХVIII ғасырдың І жартысынан бастап Ресей империясы Орталық Азия көшпенділерінің тарихы мен мәдениеті, географиясы мен этнографиясын зерттеуге белсене кірісті. Аймақтың дәстүрлі өркениетін экспедиция ұйымдастыру арқылы зерттеу Орталық Азия көшпенділерінің тарихы мен лингвистикасы, экономикасы мен этнографиясы бойынша ғылыми нәтижелерге ұласып, географиялық карта жасақтауға ықпал етті. Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуінің аяқталуымен қазақ өлкесін ғылыми түрде зерттеу орталық мемлекеттік құрылымдар мен түрлі зерттеушілердің қызмет аясына енді. 

Ғылыми мақала Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің қалыптасу тарихын зерттеуге арналған. Мақалада этнографиялық бөлімше нұсқаулықтары мен бағдарламаларына сараптама жасалынып, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Орталық Азияның көшпенді халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөліміндегі корреспонденттік желінің құрылуы мен қалыптасуы қарастырылған.     

Жұмыс мақсаты корреспонденттік желіні құру арқылы қоғамның этнографиялық бөлімшесі бағдарламасының табысты жүзеге асқандығын ғылыми негізде талдай отырып көрсету. Себебі ғылыми қоғам мүддесі ғылыми ізденістермен ғана шектелмей, көшпелі халықты сауалнама жүргізуге тарту, түркі тілдес халықтардың салт-дәстүрін зерделеу, Еуразия көшпенділері арасында ғылыми-танымдық сипаттағы дәрістер оқу, музейлер мен кітапханалардың жұмысы, көрмелерге қатысу, ғылыми қоғамдар мен басқа да мерзімдік басылымдарда мақалалар мен баяндамалар жариялау жұмыстарын жүргізуге де бағытталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Ресей мұрағаттары құжаттарына, қазақстандық және шетелдік тарихшы-ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Мақалада ХVIII-ХІХ ғасырлар шегіндегі Ресей империясының шекаралас аумақтарының этнографиясы мен мәдениетін, дәстүрі мен ерекшеліктерін ғылыми-зерттеу бағытында біршама жұмыстар жүргізілді.

Жүктелулер

Как цитировать

Бегимбаева, Ж., & Байшов, Б. (2025). ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ ОРЫНБОР БӨЛІМІ КОРРЕСПОНДЕНТТЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ РӨЛІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 119(4). https://doi.org/10.26577/JH202511912

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история