КӨШПЕЛІ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ «ОҢТАЙЛАНДЫРУ»: XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДА ПІШЕН ШАБУДЫҢ ДАМУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511838
        13 1

Кілттік сөздер:

пішен шабу, көшпелі мал шаруашылығы, Торғай облысы, governmentality, көшпелі шаруашылық трансформациясы

Аннотация

Зерттеу жұмысы Ресей империясының отарлау саясаты жағдайында XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басындағы Торғай облысындағы пішен шабу шаруашылығының дамуын талдауға арналған. Жұмыстың мақсаты – пішен шабуды енгізудегі әкімшілік биліктің басқару тетіктерін және олардың қазақтардың көшпелі шаруашылығына әсерін зерттеу. Зерттеудің негізгі идеясы пішен шабуды дала шаруашылығын «оңтайландыру» құралы ретінде қарастыра отырып, аймақтың экономикалық құрылымы мен экологиялық тепе-теңдігін түбегейлі өзгертуге әкелгенін айқындау. Ғылыми маңыздылығы пішен шабуды егін шаруашылығымен бірге жүретін құбылыс ретінде ғана емес, өзгерістің дербес факторы ретіндегі қызметіне жаңа көзқарас арқылы зерттеуімен анықталады. Әдіснамалық негізі М.Фуконың governmentality (басқарушылық) тұжырымдамасына негізделген, көшпелі өмірдің «артта қалуын» жою дискурсы арқылы «оңтайлы» шаруашылық жүргізудің отаршылдық басқару тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Архив материалдары мен статистикалық экспедициялар деректерін талдау әкімшілік ықпал ету тетіктерін (шөп дайындаудың міндетті нормаларын белгілеу, шөп шабу машиналарын тарату, жайылымдық жерлерді қайта ұйымдастыру) және олардың дәстүрлі шаруашылыққа тигізген салдарын – табын құрылымының ірі қара мал пайдасына өзгеруі, малдың қоралық ұстау жүйесінің дамуы және жыртылған аумақтардағы топырақ құнарлылығының төмендеуі түріндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеудің құндылығы – отаршылдық саясат, шаруашылық тәжірибе және қоршаған орта өзгерістері арасындағы байланысты жан-жақты талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Дуйсебаева, А., & Ноянов, Е. (2025). КӨШПЕЛІ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ «ОҢТАЙЛАНДЫРУ»: XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДА ПІШЕН ШАБУДЫҢ ДАМУЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 84–100. https://doi.org/10.26577/JH202511838

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества