ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20–30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІНІҢ ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДА ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH20251194Кілттік сөздер:
қазақтар, босқыншылық, тарихнама, шетелдік тарихнама, ұжымдастыру, ашаршылықАннотация
Мақалада автор ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ұжымдастыру саясатының нәтижесінде орын алған ашаршылық кезіндегі қазақтардың босқыншылыққа ұшырау процесінің шетелдік тарихнамадағы көріністеріне талдау жасайды. Атап айтқанда, қазақтардың босқыншылығы туралы зерттеулер жүргізген американдық, еуропалық, сондай-ақ жапондық және ресейлік ғалымдардың еңбектері қарастырылып, оларды хронологиялық ретімен қарастырады. Әрбір шетелдік ғалымның еңбегінің жазылу контексті мен деректік базаларына мән беріле отырып, жекелей сипаттамалар береді. Зерттеу тақырыбына қатысты шетелдік ғалымдардың келтірген мәліметтері мен пайымдаулары саралайды. Олардың еңбектеріндегі позициялары өзара салыстырылып, мәселеге жаңаша қарауға мүмкіндік алды.
Автор мақалада шетелдік ғалымдардың зерттеулерін посткеңестік елдердің архив материалдары мен қытайлық архив материалдарын қолданған жұмыстар деп жіктеп, олардың арасындағы мән-мағыналық, позициялық айырмашылықтарды көрсете отырып, пайымдаулар келтіреді.
Сонымен қатар мақалада жекелеген шетелдік ғалымдардың қазақ босқыншыларына қатысты жергілікті билік өкілдерінің ұстанымдарына қатысты ойлары талданады. Олардың босқыншылыққа ұшыраған қазақтардың санын анықтаудағы әдістерін ашып көрсетеді.
Қорытынды бөлімінде автор алынған нәтижелер негізінде өзіндік дербес пайымдауларын тұжырымдайды.
