ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДА ДӘСТҮРЛІ КИІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251172014

Кілттік сөздер:

дәстүрлі киім, этникалық киім, костюм, дене, мәдениет, этникалық бірегейлік, тарихнама, мәдени мұра

Аннотация

Мақала қазіргі кезеңдегі шетел зерттеушілері еңбектерінде қарастырылған дәстүрлі киімнің теориялық аспектілеріне арналған. Соңғы жиырма жыл көлемінде дәстүрлі киім қазіргі заманғы шетел тарихнамасында мәдени, этникалық және әлеуметтік аспектілерге деген қызығушылықтың артуына байланысты маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Мақаланың негізгі мақсаты - адам, киім және адам денесінің киімге байланыстылығы, белгілі бір этностың киімін зерттеуде қайшылықты көзқарастар туындатқан негізгі түсініктер мен атаулар, сондай-ақ, жалпы киімнің пайда болуына байланысты тұжырымдарға тарихнамалық шолу жасау болып табылады. Сонымен қатар дәстүрлі киімнің ұлттық бірегейлік, мәдени мұраның маңызды элементі және әлеуметтік контекстегі өзгерістерінің индикаторы ретіндегі маңызы көрсетіледі. Дәстүрлі киімнің этностың тіршілікқамы жүйесінің ең ежелгі әрі маңызды құрамдас бөлігі болатындығын оның дәстүрлі ортадағы тұтыныс қатынастарының аса қажетті нысандарының, құралдарының, тіптен, осы қатынастар жүйесінің арналарының бірі ретіндегі құрылымдық, сондай-ақ функционалдық табиғатымен түсіндіруге болады.

Мақаланы жазу барысында негізінен ағылшын тілді зерттеулер қолданылып, дәстүрлі киімге қатысты зерттеулердің теориялық негіздерін жүйелеуде тарихнамалық талдау, этнология, мәдениеттану, әлеуметтану, философия, психология, антропология және тарих салаларындағы зерттеулерді біріктіре қарастыру үшін пәнаралық тәсіл, сонымен қатар салыстырмалы, дискурсивті талдау қолданылды. Мақаланың қорытынды бөлімінде дәстүрлі киім бойынша болашақта зерттеуді қажет ететін, сонымен қатар аз зерттелген тұстары нақтыланды.

Авторлардың биографиясы

Ү. А. Ашимова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Ашимова Үміт Алиякпаровна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музейтану кафедрасының докторанты. E-mail: umit_aliyakparovna@mail.ru

Б. К. Қалшабаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, Қазақстан, Алматы қ. e-mail: kalshabaeva_b@mail.ru

Как цитировать

Ашимова, Ү. А., & Қалшабаева, Б. К. (2025). ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДА ДӘСТҮРЛІ КИІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 117(2). https://doi.org/10.26577/JH20251172014

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология