Х.А. АРҒЫНБАЕВТЫҢ ЕРТЕДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОНЫСТАРЫ МЕН БАСПАНАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a11Кілттік сөздер:
этнография, Халел Арғынбаев, Солтүстік-Шығыс Қазақстан, қазақтар, орыстар, дәстүрлі қоныстар, баспана, мал шаруашылығы.Аннотация
Көрнекті этнограф Х.А. Арғынбаев, ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басында Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының дәстүрлі қоныстарын, тұрғын үй-шаруашылық кешендерін зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі. Мақалада бұлар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болған шаруашылық-мәдени түрінде, сондай-ақ жартылай отырықшы және отырықшы өмір салтына көшу жағдайында қалыптасқаны атап өтіледі. Қарастырылып отырған материалдық мәдениет нысандары мен түрлерінің дамуына орыс-украин тұрғындарымен тығыз әлеуметтік-мәдени, экономикалық және тұрмыстық байланысының ықпалы да байқалған. Мақала этнология, этнография, тарихнама тоғысында, пәнаралық зерттеулер негізінде дайындалды. Тарихи этнография, тарихнамалық талдау, этнологиялық сараптама әдістері қолданылды. Ғылыми жаңалығы мәселенің тұжырымдалуында жатыр, өйткені бұрын этнологияда Х.Арғынбаевтың еңбектерінде солтүстік-шығыс қазақтарының дәстүрлі қоныстары мен баспаналары мәселе ретінде қарастырылмаған. Халел Арғынбайұлы этнографиялық зерттеу барысында өз пайымы мен тұжырымдарын дәлелдеп, мол мұрағаттық және жазба деректерге сүйене отырып, зерттеген өлкенің ауқымында қойылған мәселені жан-жақты қырынан қозғағаны анықталды. Мақалада көтерілген мәселелер отандық этнологиялық ғылымның өзекті бір проблемасын шешеді. Осы тұрғыдан зерттеудің қорытындылары мен нәтижелері этнология тарихының кезекті бір ақтандағын жабып отыр деп сенеміз.