АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ТАРИХИ АСПЕКТ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a7Кілттік сөздер:
аудиовизуальные документы, архив, нормативно-правовые акты, аудиовизуальный архив, архив, положениеАннотация
Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде аудиовизуалды архивтерді басқарудың мемлекеттік жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырап, біршама кезеңдерден өтті. Дегенмен отандық зерттеушілер уақыт өте келе, аудиовизуалды құжаттар қазіргі заманғы тарихи ғылымның дамуы аясында тарихи ойлауды жаңартуға ықпал ететін өзіндік ерекшелігі бар құжат түрі екендігіне көз жеткізіп келеді. Сондықтан да, аталмыш құжат түрі де заңдық тұрғыдан, нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз етілді.
Мақалада аудиовизуалдық құжаттардың нормативтік-құқықтық базасын қамтиды, олардың қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілеріне баса назар аударылады. Зерттеуде аудиовизуалдық материалдарды пайдалану жөніндегі заңнаманың эволюциясы талданады, кеңестік кезеңдегі және еліміздің тәуелсіздік жағдайындағы аудиовизуалды құжаттардың даму кезеңдерінен бастап қазіргі заманға дейінгі жай-күйі қарастырылады. Сонымен қатар, еліміздегі аудиовизуалды құжаттардың нормативті-құқықтық базасының тарихына тоқталып қана қоймай, аталмыш құжаттардың қазіргі кездегі жағдайы туралы да қарастырылып отыр. Мақаланы зерттеу барысында әртүрлі талдау әдістері қолданылды, оның ішінде салыстырмалы талдау, тарихи-құқықтық әдіс және құжаттық талдау әдісі. Аталмыш әдістер нормативтік-құқықтық базаның қалыптасу процесін және оның аудиовизуалдық құжаттар индустриясының дамуына әсерін терең түсінуге көмектесті.
Мақаланы зерттеу жұмыс барысында аудиовизуалдық құжаттармен жұмыс жасау, тарату және сақтау жөніндегі құқықтық жүйелердің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және құқықтық нормалардың мәдени әртүрлілігі, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және осы процестің барлық қатысушыларының мүдделерін қорғаудағы рөлі зерттеледі.
Аудиовизуалды құжаттарды сақтау немесе пайдалану оның заңдық тұрғыдағы әлеуетінің жоғары екендігін уақыт көрсетіп отыр. Аудиовизуалды құжаттардың сaлaсындa қазіргі кезеңдегі нормaтивтікәдістемелік бaзaның қaлыптaсу тарихы мен қaзіргі кезеңдегі жай-күйін зерттеу тарихи деректерді жариялаудың тәжірибелік қызметінің сұраныстарына байланысты болып отыр.
Қазіргі таңда, еліміздің зерттеушілері Ұлттық архив қорына байыта үсетін тарихи құнды деректерді толықтырып отыратын аудиовизуалды құжаттарға үлкен мән беріп отыр. Тарихи мол мұраны ұзаққа жеткізуде, барлығын құжатпен ғана растай алатын кезеңде заңдар, ережелер мен нұсқаулықтардың қоғамда алатын орны орасан зор. Сондықтан да, бұл мақалада заманауи жағдайларда аудиовизуалды құжаттардың заңнамалық проблемаларының өзектілігі жүйелі түрде қарастырылады.