ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚҚА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ: НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕР, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ ҮРДІСТЕРІ.
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a6Кілттік сөздер:
Корея Республикасы, халықаралық ұйымдар, ЕО, Европа.Аннотация
Мақалада Оңтүстік Кореяның Еуропалық Одаққа қатысты саясатының тарихы қарастырылған. Мақаланың мақсаты – 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Оңтүстік Кореяның Еуропа елдеріне қатысты саясатын зерттеу. Оңтүстік Корея үшін Еуропаның тәуелсіз мемлекеттерін дипломатиялық тұрғыдан тануы маңызды болды. Оңтүстік Корея мен еуропалық материалдарға негізделген мақалада Ли Сын Ман, Пак Чон Хи, Ро Дэ У және т.б. президенттер әкімшілігінің саясаты қарастырылған. Зерттеуде Оңтүстік Корея мен ЕО елдерінің өзара әрекеттесуінің негізгі нүктелерін жазу үшін сипаттамалық әдіс қолданылды. Сеул мен Брюссель арасындағы екіжақты байланыстарды талдау үшін халықаралық қатынастарда реалистік көзқарас қолданылды, оған сәйкес мемлекеттер басқа мемлекеттермен ынтымақтасу кезінде ең алдымен өздерінің ұлттық мүдделерін басшылыққа алады. Зерттеу көрсеткендей, Пак Чон Хи 1962 жылы Оңтүстік Кореяның президенті болған соң, дамыған Батыс Еуропа елдерімен ынтымақтастықта сыртқы саяси қызметін күшейтті. Ол экономикаға инвестиция тартуға, еуропалық нарықты оңтүстік кореялық бизнеске ашуға және Солтүстік Кореяны халықаралық аренада оқшаулауға ұмтылды. 1980 жылдардың аяғында халықаралық аренада қырғи-қабақ соғыстың бәсеңдеуі болды, бұл Оңтүстік Корея президенті Ро Дэ Вуға өзінің «Солтүстік саясатын» жүргізуге және Кеңес Одағымен және Шығыс Еуропа елдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Автор Оңтүстік Кореядағы авторитарлық кезең аяқталғаннан кейін Сеул мен Брюссель арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстар нығайып, кеңейіп келеді деген қорытындыға келген. Сонымен қатар, мақалада Еуропалық Одақ пен Оңтүстік Корея арасындағы құқықтық келісім, сондай-ақ оңтүстік кореялық және еуропалық бизнес өкілдері арасындағы сауда даулары көрсетілген.