ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (1941–1950 жж.): АРХИВТІК ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ТАЛДАУ

Авторлар

  • З.Ж. Сенгирбаева Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-5221-1897

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH1201202610
        24 3

Кілттік сөздер:

әскери тұтқындар, арнайы қоныс аударушылар, немістер, жапон әскерлері, КСРО.

Аннотация

Мақалада 1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы салдары мен соғыс нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан жерінде тұтқынға түсіп кейіннен сол аймақтарда қалып қойған әскери тұтқындар жайында, олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен рөлі туралы зерттелген мәліметтері келтірілген. Жалпы тарихқа көз жүгіртсек ақтаңдақ беттері өте көптеп кездеседі. Солардың бірі ретінде өткен оқиға Ұлы Отан соғысы кезіндегі орын алған жағдаяттар мен соғыс соңынан кейінгі орын алған мәселелер. Бұл тарихи оқиғалар туралы Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін ешбір жерде ашық түрде айтыла да, жазыла да қойған емес. Яғни барлық мұрағат беттерінде «Аса құпия» түрде сақталып жабулы күйде келді. Соның есесіне әрбір тарихшы осы тақырып аясында тереңінен мұрағат материалдарына үңіле отырып ашық түрде өз зерттеулерін жүргізе алмады. Жоғарыдан тыйым салу, мұрағат материалдарына деген қол жетіспеушілік бұдан да аса өзектісі бұл тақырыптарды зерттеуге тыйым салынғандығында болатын. Бұл мақалада соғыс кезіндегі үлкен алып империя болған Кеңес үкіметінің басында тұрған жетекшісі әрі бас билеушісі болған Сталиннің жүргізген солақай саясатының салдары да сынға алынып сипаттала жазылады. Әскери тұтқындармен бірге сол зұлмат уақыттарда бірдей жапа шеккен жаппай халықтарды қоныс аударту да бірге жүрді.   

Жүктелулер

Как цитировать

Сенгирбаева Z. (2026). ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (1941–1950 жж.): АРХИВТІК ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ТАЛДАУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 120(1). https://doi.org/10.26577/JH1201202610

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история