ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ: ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Қ. Каримов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. https://orcid.org/0009-0003-7221-2555
  • Б. Найманбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0001-5859-4487

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025117206

Кілттік сөздер:

Кілт сөздер. Өзбекәлі Жәнібеков, Тұлға, Ғалым, Зерттеу, Тарихнама, Методология.

Аннотация

Қазіргі кезде отандық тарих ғылымында тарихи оқиғалар мен құбылыстарды жеке тарихи тұлғалардың ғылыми өмірбаяны арқылы тұлғаландыру Отан тарихын өзектілендіруде үлкен ғылыми және танымдық маңызға ие болып отыр. Тарихи тұлғалардың тұлғалық ерекшеліктерін, жеке басының қасиеттері мен өнегесін, қоғамдық-саяси дамуға жасаған ықпалын айқындау олардың тарихи жадтан аоалтын орыны мен атқарған рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Содан да ұлттық мемлекеттік деңгейде танылған тұлғаның қызметі мен атқарған жұмыстарын зерттеу ел тарихын, қоғам дамуын жаңа қырынан танытады деп білеміз. Зерттеу жұмысының басты мақсаты еліміздің тарихында танымал мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнолог ғалым Өзбекәлі Жәнібековті тұлғаландырып, оның қоғамдық-саяси қызметі тарихының тарихнамасын талдау болып белгіленді. Соған сай тақырыпта қайраткер-ғалымның өмірбаянын деректік негізде ғылыми қалпына келтіру, қоғамдық-саяси қызметін зерттеудің методологиялық ұстанымдарын айқындау міндеттері іске асырылады. Зерттеу әдістемесінің ерекшелігі жалпығылыми әдістермен бірге қазіргі замағы тарихи тұлғатану бағытындағы биографиялық тәсілдің ғылыми мүмкіндіктері қолданылды. Сол сияқты, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, мәдениеттанушы және ұлт руханиятының жанашыры ретінде танылған Ө. Жәнібековтың қоғамдық-саяси, ғылыми-шығармашылық қызметі тарихи тұлғатанудың өлшемдеріне сай бағаланды. Зерттеудің ғылыми нәтижесі постструктуальдық ғылыми принциптер мен тәуелсіз тарихи таным ұстанымдары негізінде қайраткер-ғалымның тұлғалық тарихы мен қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы ғылыми қалпына келтірілді. Зерттеу нәтижелері тарихи тұлғатану бағытында жаңалық болып саналады және Отан тарихын оқытуда әдістемелік көмекші материал бола алатын қолданбалығымен ерекшеленеді.

 

Автордың биографиясы

Қ. Каримов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

Каримов Қасымхан Смаханұлы-  докторант, тарих кафедрасы,Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. E-mail: karimov_kasymkhan@mail.ru

Как цитировать

Каримов, Қ., & Найманбаев, Б. (2025). ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ: ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 117(2). https://doi.org/10.26577/JH2025117206

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества