МӘМЛҮК СҰЛТАНДЫҒЫНЫҢ ИТАЛЬЯН МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ (ИТАЛЬЯН ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a5
        39 18

Кілттік сөздер:

. Итальян материалдары, Мәмлүк сұлтандығы, Итальян мемлекеттері, Сауда, Елшілік, Саяси байланыстар.

Аннотация

Орта ғасырларда Мәмлүк сұлтандығы Шығыстағы ең негізгі ортағасырлық мұсылман мемлекеттерінің бірі болды. Мәмлүк сұлтандығы құрылуынан бастап, сыртқы елдермен әр түрлі салада байланысқа түсе бастады. Өзінің өмір сүрген кезеңінде бұл мемлекет еуропалық мемлекеттер, оны ішінде итальян мемлекеттерімен байланыстар орнатты. ХІІІ-XVI ғасырлар аралығында итальян республикаларымен орнатылған байланыстар сол заманда Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесінің бір тармағына айналды. Ғылыми мақалада, итальян материалдары бойынша Мәмлүк сұлтандығы мен итальян мемлекеттерінің арасындағы саяси байланыстар тарихы қарастырылады. Итальян республикалары мен Мәмлүк сұлтандығы арасындағы сауда қатынастарының негізінде дамыған өзара елшілік байланыстарға ғылыми талдау жасалады. Итальяндар мен мәмлүктердің елшілік және саяси байланыстарына ортағасырлық дипломатияның бір бағыты ретінде баға беріледі. Елшілік байланыстар мен халықаралық қатынастардағы өзара ықпалдас болған Венеция, Флоренция және Арагон республикаларының Мәмлүк сұлтандығымен орнаған байланыстарының тарихы итальян материалдары негізінде көрсетіледі. Сонымен қатар мәмлүктердің итальяндарға қатысты саяси ұстанымдары мен сыртқы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылады.

 

Авторлардың биографисы

Қ. T. Жұмағұлов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлы – тарих ғылымының докторы, профессор, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы, Қазақстан.

Н. М. Абдукадыров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Адбукадыров Нұржігіт Момынбекұлы – PhD, доцент, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы, Қазақстан. E-mail:nurjigit.85.kanuni@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Жұмағұлов Қ. T., & Абдукадыров, Н. М. (2024). МӘМЛҮК СҰЛТАНДЫҒЫНЫҢ ИТАЛЬЯН МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ (ИТАЛЬЯН ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 115(4). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a5

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история