МИХАЛ БИРАННЫҢ «ҚАЙДУ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ТӘУЕЛСІЗ МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨРЛЕУІ» АТТЫ ЕҢБЕГІНЕ ШОЛУ
Аннотация
Шыңғыс ханның шөбересі, Үгедейдің
немересі Қайду (1236-1301) Ұлы Моңғол
хандарының бірі болып есептеледі. Қай тілде
болмасын, Қайду ханның қайраткерлігі мен
оның құрған мемлекетінің тарихы бойынша
арнайы зерттеулер, тіпті тақырыпқа қатысты
дереккөздердің тапшылығы орын алған.
Сонымен қатар, айналымдағы түсініктер
біржақтылықпен ерекшеленіп, ұзақ уақыт бойы
Қайду тарихта «бүлікші хан» ретінде бейнеленіп
келген. Өз кезегінде, Михал Биранның «Qaidu
and the Rise of the Independent Mongol State in
Central Asia» (Қайду және Орталық Азияда
тәуелсіз Моңғол мемлекетінің өрлеуі) атты
еңбегі осы бағытта ғылыми білімді толықтырған
маңызды зерттеу болып табылады. Бұл еңбек,
сонымен қатар, XIII ғасырда Орталық Азияның
саяси алаңында елеулі рөл атқарған Қайду
ханның өмірбаянын қарастырған алғашқы
ғылыми жұмыс деп саналады.
Михал Биранның бұл ғылыми еңбегінің
ағылшын тілінде жарық көргеніне үш
онжылдықтан астам уақыт өтсе де, қазақстандық
оқырман қауымның көпшілігі онымен әлі күнге
дейін таныс емес.